Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі отандық боксшы Түркияда жекпе-жек өткізеді

Опубликовано:

отандық боксшы
Еділ Қожамбердиев. Фото: Sports.kz

Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиевтің (11-2, 11 КО) шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылым мәліметінше, Еділ Қожамбердиевтің келесі жекпе-жегі 30 сәуірде Түркияның Стамбул қаласында өтеді.

Отандық боксшының қарсыласы - Үндістан өкілі Кулдип Сингх (8-4-1, 5 КО).

Былғары қолғап шеберлерінің арасындағы айқас сегіз раундқа жоспарланып отыр.

Бастапқыда Қожамбердиев 18 наурызда Түркияда шаршы алаңға шығуы керек болған. Алайда жойқын жер сілкінісі салдарынан жекпе-жек өтпей қалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін мамыр айында Жәнібек Әлімханұлының шаршы алаңға қайта оралатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2014863-belgili-otandyq-bokssy-turkiyada-zekpe-zek-otkizedi/

pixel