Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақсы жаңалығым бар": Отандық боксшы титулдық жекпе-жекке шығатынын айтты

Опубликовано:

Асхат Жантұрсынов
Асхат Жантұрсынов. Фото: Instagram/askat_zhantursynov

Отандық боксшы Асхат Жантұрсыновтың шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды. Ол сәуір айының соңында титулдық жекпе-жек өткізбек, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы былғары қолғап шебері Instagram парақшасында жазды.

"Ассаламағалейкум құрметті достар, қалайсыздар? Ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын. Менің жақсы жаңалығым бар! Алла қаласа 2023 жылдың 30 сәуірінде ринге ораламын. Туркияның Стамбул қаласында UBO белбеуі үшін жұдырықтасатын боламын. Оралуға өте жақсы мүмкіндік. Қазақ елін қуанту үшін бар амалын істейміз", - деді боксшы.

Айта кетейік, Стамбулдағы бокс кешінде бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев те шаршы алаңға шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2014948-zaqsy-zanalygym-bar-otandyq-bokssy-tituldyq-zekpe-zekke-sygatynyn-xabarlady/

pixel