Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Сербияда өтіп жатқан турнирде ел қоржынына бес медаль түсті

Опубликовано:

Мөлдір Тойкова
Мөлдір Тойкова. Фото: kaznu.kz

Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан Belgrade Winner халықаралық турнирінде Қазақстан қоржынына бес медаль түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

Жарыстың екінші күні жарыс жолына алты отандық боксшы шығып, бәрі жеңіске жетті. Осылайша, олардың бесеуі турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде Қазақстан қоржынына қола медаль салып отыр.

Ширек финалда қарсыластарынан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алған боксшылар:

Ерлер:

51 келі: Жомарт Ержан,

Қыздар:

46 келі: Мөлдір Тойкова,

57 келі: Виктория Графеева, Сания Сұлтанқызы,

66 келі: Наталья Богданова.

Еске сала кетейік, бұған дейін бокстан Әлем біріншілігінде 6 медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы командалық есепте сегізінші орынды қанағат тұтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2014962-bokstan-serbiyada-otip-zatqan-turnirde-el-qorzynyna-bes-medal-tusti/

pixel