Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Никита Абдрахманов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

Никита Абдрахманов
Никита Абдрахманов. Фото: instagram.com/nikitaabdrahmov

Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына тағы бір медаль түсті. Қазақстандық атлет Никита Абдрахманов байрақты бәсекеде чемпион атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлем біріншілігінде 102 келі салмақта ел намысын қорғаған Никита Абдрахманов қоссайыстың нәтижесінде 369 келі (164+205) салмақты бағындырған. Осылайша, отандық спортшы байрақты бәсекенің алтын жүлдесін жеңіп алды.

Екінші орынға Грузия өкілі Саба Адамия жайғасты. Ол 305 келі (137+168) салмақты көтерген.

Үздік үштікті 302 (136+166) келі нәтижемен польшалық Марчин Циолковски қорытындылады.

Айта кетейік, бұған дейін Дуррес қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына Ерасыл Сәулебеков (73 келі) алтын, Нұрдос Сабыр (89 келі), Таисия Алексеева (64 келі) күміс, Дарья Балабюк (55 келі), Нұрасыл Арапбай (67 келі) қола медаль салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014989-nikita-abdraxmanov-auyr-atletikadan-alem-cempiony-atandy/

pixel