Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

УЕФА Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голын үздік деп таныды

Опубликовано:

Қазақстан футбол құрамасының капитаны Асхат Тағыберген
Асхат Тағыберген. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің екінші айналымындағы үздік голды анықтады. Бұл атаққа Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергенннің Дания қақпасына соққан добы лайықты деп танылды.

Бұл туралы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының ресми парақшасы жариялады.

Қазақстан құрамасының капитаны жанкүйерлердің дауысының арқасында Букайо Сака (Англия), Андрей Буркэ (Румыния) және Владислав Морозовтан (Беларусь) басым түсті.

Осылайша, Асхат Тағыбергенннің Дания қақпасына соққан добы екінші турдың үздік голы болып отыр.

Айта кетейік, 26 наурызда Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Даниядан басым түскені белгілі.

"Астана" аренада өткен ойында "қонақтардың" жас шабуылшысы Расмус Винтер Хейлунн 21 минутта есеп ашты. Араға он бес минут салып ол есепті еселеді.

Осыдан кейін ойынның "тағдыры" шешілгендей болған. Алайда Қазақстан құрамасының футболшылары жанкүйерлердің алдында намысты қолдан жібермей, матчтың соңында үш гол соғып, сенсация жасады.

Алдымен он бір метрлік айып добынан Бақтиер Зайнутдинов көзге түссе, одан кейін Асхат Тағыберген айып алаңының сыртынан гол соқты. Матчтың нүктесін Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов тоқсаныншы минутта қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2014993-uefa-asxat-tagybergennin-daniya-qaqpasyna-soqqan-golyn-uzdik-dep-tanydy/

pixel