Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рыбакинаның қатысуымен өткен АҚШ-тағы беделді турнирдің финалында сенсация тіркелді

Опубликовано:

Петра Квитова мен Елена Рыбакина кортта
Петра Квитова мен Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Беделді турнирдің финалында отандық теннисші әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен ойында Елена Рыбакина қарсыласына 6:7 (14:16), 2:6 есебімен есе жіберді. Осылайша, ол бір айда екі ірі жарысты жеңіп алу мүмкіндігін пайдалана алған жоқ.

Рыбакина мен Квитова арасындағы финалдық кездесу басталмастан бұрын спорт сарапшылары мен жанкүйерлер қазақстандық теннисші жеңіске жетеді деп болжаған еді. Алайда Чехия өкілі ақтық мәреде жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетті.

Айта кетейік, екі апта бұрын Қазақстанның бірінші ракеткасы Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015031-rybakinanyn-qatysuymen-otken-aqs-tagy-bedeldi-turnirdin-finalynda-sensaciya-tirkeldi/

pixel