Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бибісара Асаубаева Делидегі Гран-при кезеңінде көш басына шықты

Опубликовано:

Бибісара Асаубаева FIDE Гран-при турнирінде. Астана, 2022 жыл
Бибісара Асаубаева. Фото: kazchess.kz

Үндістан астанасы Делиде шахматтан әйелдер арасындағы Гран-придің 7-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Қазақстандық Бибісара Асаубаева үндістандық Хампи Конерумен тең түскеніне қарамастан, қытайлық Жу Цзинерді артқа тастап, көш басына шыққан.

6 ойыннан кейін Бибісараның еншісінде 4,5 ұпай бар. Ал Жу Цзинерде 4 балл.

Екі шахматшы 8-турда кім мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, Делидегі Гран-придің 3-кезеңі 6 сәуірде аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015066-bibisara-asaubaeva-delidegi-gran-pri-kezeninde-kos-basyna-syqty/

pixel