Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Допты хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласады

Опубликовано:

Допты хоккей
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Допты хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Отандық бендишілер Швецияның оңтүстігіндегі Векшё қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында А тобында өнер көрсетіп, 4-орын алды. Енді бірінші және 2-орын алған Швеция мен Финляндия финалда бас жүлдені сарапқа салса, Норвегия мен Қазақстан құрамасы қола жүлдегерді анықтайды.

Қазақстан құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Бержан Ахметжанов пен Вячеслав Горчаков.

Ойыншылар: Рауан Исалиев (капитан), Еламан Әліпқалиев, Ершат Амангелдиев, Нұрбол Бөкешов, Ескендір Нұғманов, Петр Грибанов, Денис Максименко, Болат Мұхит, Дәурен Оралов, Антон Свешников, Никита Яров, Самат Аманшин, Қуаныш Теміралин, Сұлтан Қадыржанов, Евгений Медведев, Максим Утибалиев;

Айта кетейік, Бендиден еліміздің ерлер құрамасы 21 рет әлем чемпионатына (алғаш рет 1995 жылы) қатысқан. Осы аралықта 6 мәрте қола жүлдеге ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015068-dopty-xokkeiden-qazaqstan-quramasy-alem-cempionatynyn-qola-zuldesi-usin-talasady/

pixel