Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ балуаны Түркиядағы беделді жарыстың қола медаліне таласатын болды

Опубликовано:

Нұрлыхан Шархан
Нұрлыхан Шархан. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Түркияда өтіп жатқан дзюдодан беделді Grand Slam бәсекесінде қазақ балуаны Нұрлыхан Шархан қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрлыхан 100 келіге дейінгі салмақта сынға түсуде. Ол жарыс барысында Өзбекстан, Сербия балуандарын ұтып, ширек финалда нидерландтық қарсыласына есе жіберді.

Кейін Нұрлыхан жұбаныш белдесуінде бақ сынап, канадалық спортшыжан басым түскен.

Қола жүлде үшін күресте Нұрлыхан Шархан сербиялық Боян Досенмен белдеседі.

Айта кетелік, Түркиядағы турнирде қазақстандық дзюдошылар бір медаль жеңіп алды. 60 келідегі Нұрқанат Серікбаев қола жүлдегер атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2015069-qazaq-baluany-turkiyadagy-bedeldi-zarystyn-qola-medaline-talasatyn-boldy/

pixel