Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асаубаева Делидегі Гран-приде екі рет есе жіберген қытайлық шахматшымен ойнады

Опубликовано:

Асаубаева
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Дели қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің 8-туры аяқталды. Басты кездесу көш басында тұрған отандық шахматшы Бибісара Асаубаева мен қытайлық Жу Цзинер арасында болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Тартысты өткен ойында жеңімпаз анықталған жоқ.

Бибісара мен Жу осыған дейін 4 мәрте кездескен: қазақстандық бір рет, ал қытайлық 2 рет басым түссе, қалған матчта тең нәтиже тіркелген.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Бибісара Асаубаева 5 ұпаймен көш бастап келе жатыр.

Ал қытайлық гроссмейстер 4½ ұпаймен 2-орында.

Бүгін кешке Гран-придің 9-турдағы ойындары өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015134-asaubaeva-delidegi-gran-pride-eki-ret-ese-zibergen-qytailyq-saxmatsymen-oinady/

pixel