Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уақыт болмады": 30 жасқа толған Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады (фото)

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы39
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы отандық былғары қолғап шебері Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Туған күн тойлауға уақыт болмады. Елеп-ескеріп құттықтаған барша ағайынға мың алғыс! 13 мамыр әлемге QAZAQ STYLE-ды көрсетеміз, бұйыртса. Дайындық қызу жүріп жатыр", - деді ол.

Айта кетейік, 1 сәуір күні Жәнібек Әлімханұлы 30 жасқа толды. Ол 1993 жылы Жетісу облысы Жыланды ауылында өмірге келген.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлер жекпе-жегі 13 мамырда Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) өтеді. Кездесуде отандық былғары қолғап шебері WBO чемпиондық атағын екінші рет қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2015156-uaqyt-bolmady-30-zasqa-tolgan-zanibek-alimxanuly-malimdeme-zasady-foto/

pixel