Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеудің қақ ортасында футболшылар арасында жаппай төбелес болды

Опубликовано:

доп
Көрнекі фото: pexels.com

Мәскеу орталығындағы стадионда студенттік командалардың футболшылары төбелесіп, 16 адам полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды РИА Новости Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, студенттер арасындағы жаппай төбелес 1 сәуір күні болған. Соның салдарынан бір адам зардап шекті.

"Полиция бөліміне 16 адам жеткізілді, оның үшеуінің үстінен әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Енді тәртіп бұзғандар 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2015164-maskeudin-qaq-ortasynda-futbolsylar-arasynda-zappai-tobeles-boldy/

pixel