Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде сөз таластырған Асаубаева мен Әбдімәлік әлемдік шахматшыларға қарсы шықпақ

Опубликовано:

Бибісара Асаубаева
Бибісара Асаубаева. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Шахматтан Астанада өтетін әлем чемпионаты аясында айтулы оқиға болмақ. Турнир барысында Қазақстан әйелдер құрамасы мен әлем командасы арасында кездесу өтеді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шахмат сарапшылары мен жанкүйерлерін қызықтырған бұл ойынға әлем құрамасын әйелдер арасындағы рейтингтің көшбасшысы, қытайлық Хоу Ифань бастап келеді. Бұл команда сапындағы қалған ойыншылардың бәрі бір-біріне дес бермейді. Олар:

1. Гроссмейстер Хоу Ифань (Қытай, 2618)

2. Гроссмейстер Нана Дзагнидзе (Грузия, 2462)

3. Гроссмейстер Харика Дронавалли (Үндістан, 2447)

4. Гюнай Мамедзаде (Әзірбайжан, 2348)

5. Нургюль Салимова (Болгария, 2347), U20

6. Зсока Гаал немесе Савита Шри Б. (Мажарстан, 2187/ Үндістан, 2281), U18

7. Зсока Гаал немесе Савита Шри Б. U16

8. Афруза Хамдамова (Өзбекстан, 2135), U14

Әлем құрамасының капитаны: Дана Рейзниеце-Озола – WGM, FIDE басқарма төрағасының орынбасары.

Қазақстан құрамасының да барлық мықты шахматшысы тізімде бар. Олардың арасында жақында желіде сөзге келіп қалған Жансая мен Бибісараны да кездестіресіз.

1. Гроссмейстер Жансая Әбдумәлік (2454)

2. Динара Садуақасова (2402)

3. Бибісара Асаубаева (2359)

4. Меруерт Камалиденова (2273)

5. Лия Құрманғалиева (2152), U20

6. Ксения Балабаева (2111), U18

7. Алуа Нұрманова (2193), U16

8. Зарина Нұрғалиева (2070), U14

Айта кетейік, Лия Құрманғалиева мен Ксения Балабаева жуырда Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатында осы жас санатында жүлдегер болған.

Қазақстан құрамасының капитаны: Гүлмира Дәулетова – WGM, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры.

Қазақстан мен әлем құрамасы 17-18 сәуірде рапидтен, ал 19 сәуірде блицтен кім мықтыны анықтайды. Әр команда 8 ойыншыдан тіркейді. Оның ішінде 4 шахматшы 20, 18, 16 және 14 жасқа дейінгі санатқа дейінгі шахматшы болуы керек. Олар өз жас санаты бойынша бір-бірімен ойнайды.

Ал қалған 4 әйел өз қарсыластарымен all-play-all Схевенинген форматында кім мықтыны анықтайды. Матчтың қорытындысы барлық жекелеген ұпайларды қосып санаған соң шығарылады. Егер ұпай саны тең болып қалса, тең ойындардағы нәтижелер саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015243-zelide-soz-talastyrgan-asaubaeva-men-abdimalik-alemdik-saxmatsylarga-qarsy-syqpaq/

pixel