Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

Опубликовано:

Нұрқанат Серікбаев татамиде
Нұрқанат Серікбаев. Фото: olympic.kz

Бүгін, 3 сәуір күні Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Антальяда өткен Grand Slam жарысынан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингін жаңартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде, аталған турнирде қола жүлде жеңіп алған қазақстандық Нұрқанат Серікбаев 500 ұпай еншілеп, әлемдік рейтингте 15 саты жоғарылаған.

Жаңартылған рейтингке сәйкес, қазақстандық дзюдошылар ішінде Абиба Абужақынова үздік бестікке енген. Ал ерлер құрамасынан Мағжан Шамшадин (60 келі) мен Данияр Шамшаев 15- орынға тұрақтаған.

Қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі орны:

Ерлер

-60 келі

Мағжан Шамшадин – 15 орын (2773 ұпай),

Елдос Сметов – 23 орын (1929),

Бауыржан Нарбаев – 34 орын (1438),

Нұрқанат Серікбаев – 36 орын (1322),

Шерзод Давлатов – 49 орын (855).

-66 келі

Ғұсман Қырғызбаев – 24 орын (2010),

Есет Қуанов – 42 орын (1114).

-73 келі

Данияр Шамшаев – 15 орын (2746),

Жансай Смағұлов – 21 орын (2060).

-81 келі

Абылайхан Жұбаназар – 22 орын (2105).

-90 келі

Дидар Хамза – 24 орын (1920).

-100 келі

Нұрлыхан Шархан – 24 орын (2115).

+100 келі

Әділ Оразбаев – 41 орын (1081),

Ғалымжан Қырықбай – 49 орын (780).

Әйелдер

-48 келі

Абиба Абужақынова – 5 орын (4183),

Ғалия Тынбаева – 39 орын (1236).

-57 келі

Севара Нышанбаева – 33 орын (1317).

-78 келі

Аруна Жангелдина – 32 орын (1120).

+78 келі

Камила Берликаш – 19 орын (2544),

Назгүл Маратова – 39 орын (831).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2015251-qazaqstandyq-dzyudosylardyn-alemdik-reitingtegi-orny-belgili-boldy/

pixel