Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тек қазақша сөйлейтін дзюдошы қыз алғаш рет әлемдік рейтингте үздік бестікке енді

Опубликовано:

дзюдо
Әбиба Әбужақынова. Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Халықаралық дзюдо федерациясы дзюдошылардың әлемдік рейтингін жаңартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық Абиба Әбужақынова жаңартылған рейтингте үздік бестікке енді. Оның еншісінде 4183 ұпай бар.

Сонымен қатар Анталияда өткен Grand Slam турнирінің қола жүлдегері Нұрқанат Серікбаев 15 орынға көтерілді.

Одан бөлек Мағжан Шамшадин (60 келі) мен Данияр Шамшаев (73 келі) өз салмақ дәрежелерінде 15-орынға ие болды.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова - қазақ қыздары арасында алғаш рет әлем чемпионатында топ жарған дзюдошы.

Ол жарыстан соң тек қана қазақ тілінде сұхбат беретін санаулы спортшылардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2015379-tek-qazaqsa-soileitin-dzyudosy-qyz-algas-ret-alemdik-reitingte-uzdik-bestikke-endi/

pixel