Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Челси" бас бапкерді жұмысынан босатқаны үшін 14,8 млн еуродан астам өтемақы төлейді

Опубликовано:

"Челси" клубы
"Челси" клубының жанкүйері. Фото: pexels.com

Лондондық "Челси" футбол клубы ұжымның бас бапкері Грэм Поттерді жұмысынан босатқаны үшін қомақты қаржы төлейді. Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, лондондық клуб қызметінен кеткен Грэм Поттерге 13 миллион фунт стерлинг (14,8 миллион еуродан астам) өтемақы төлейді.

"Челси" Грэм Поттердің команданың бас бапкері лауазымынан босатылғанын екінші сәуір күні хабарлады. Оның орнына ұжымды уақытша Бруно Салтор жаттықтырмақ.

Қазіргі уақытта лондондық ұжым Англия біріншілігінің турнирлік кестесінде 38 ұпаймен 11-орында келеді. Соңғы турда клуб өз алаңында "Астон Вилладан" 0:2 есебімен жеңілді.

Еске сала кетейік, Грэм Поттер "Челси" футбол клубының бас бапкері қызметіне 2022 жылдың қыркүйек айында келген еді. Жаттықтырушы сол кезде Томас Тухельді алмастырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2015408-celsi-bas-bapkerdi-zumysynan-bosatqany-usin-148-mln-eurodan-astam-otemaqy-toleidi/

pixel