Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су добынан Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде топ жарды

Опубликовано:

су добы
Фото: Асхат Оралов/Facebook

Су добынан Қазақстан құрамасы Сербияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Бече қаласында өткен жарысқа Еуропа мен Азия елдерінен 12 команда қатысты.

Отандық спортшылар Испания, Германия, Сербия және тағы басқа мемлекеттерден келген қарсыластарынан басым түсті. Ал ұлттық құрама капитаны Егор Белоусов турнирдің үздік ойыншысы атанды.

"Жас спортшыларымызды осы жеңісімен құттықтаймын және оларға сәттілік тілеймін. Сондай-ақ, қажырлы еңбектің арқасында осындай жетістікке жеткен жаттықтырушылар штабын да құттықтаймын.

Қазақстанда су добы спортының әлеуеті зор және Мәдениет және спорт министрлігі елімізде осы спорт түрін одан әрі дамыту үшін жұмыс жүргізетін болады", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015415-su-dobynan-qazaqstan-quramasy-xalyqaralyq-turnirde-top-zardy/

pixel