Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Интер" мен "Ювентус" арасындағы матчта үш футболшы алаңнан қуылды

Опубликовано:

Ди Мария
Фото: Twitter/JuventusFC

Футболдан Италия кубогының жартылай финалында "Интер" мен "Ювентус" кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қос ұжым арасындағы алғашқы кездесу "Альянц Стадиумда" өтті.

Ойынның есебі 83-минутта ашылды. Гол авторы: "Ювентус" жартылай қорғаушысы Хуан Куадрадо.

Бұдан кейін қонақтар жаппай шабуылға шығып, нәтижесінде матчтың соңғы минутында Ромелу Лукаку он бір метрлік айып добынан есепті теңестірді.

Осылайша, "Ювентус" мен "Интер" арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталды.

Жауапты кездесу 26 сәуір күні Милан қаласында өтпек.

Айта кетейік, "Ювентус" пен "Интер" арасындағы жартылай финалдың алғашқы матчында үш ойыншы алаңнан қуылды. Олар: Ромелу Лукаку ("Интердің" шабуылшысы), Самир Ханданович ("Интердің" қақпашысы), Хуан Куадрадо ("Ювентус" жартылай қорғаушысы).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2015457-inter-men-yuventus-arasyndagy-matcta-us-futbolsy-alannan-quyldy/

pixel