Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көшеге шығып кеткен": 18 жастағы талантты хоккейшінің әкесі тоған маңынан өлі табылды

Опубликовано:

Клюшка мен шайба
Көрнекі сурет: pexels.com

Ресей құрамасы мен "Сочи" клубының хоккейшісі Матвей Мичковтың әкесі жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Бұл туралы РИА спорт агенттігі хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

51 жастағы Андрей Мичков 2 сәуір күні жоғалып кеткен. Ер адаммен байланыс үзілген соң, жақындары дабыл қаға бастайды. Оның денесі 4 сәуір күні Сочидегі тоған маңынан табылды.

Алдын ала болжам бойынша марқұм суға кетіп қалған.

Хоккейші Матвей Мичков желіде жазба қалдырды.

"Сен жақсы әке болдың. Сені мақтан етемін және жақсы көремін", - деп жазды ол.

Айта кетелік, марқұмның ұлы Матвей Мичков талантты жас ойыншылардың бірі саналады. 18 жастағы хоккейші 2023 жылғы ҰХЛ драфтының басты фавориті саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2015460-kosege-sygyp-ketken-18-zastagy-talantty-xokkeisinin-akesi-togan-manynan-oli-tabyldy/

pixel