Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси "ПСЖ" сапынан кетуі мүмкін

Опубликовано:

Лионель Месси на поле
Лионель Месси. Фото: Aurelien Meunier/Getty Images

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси париждік "ПСЖ" сапынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды L'Equipe басылымы.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, Лионель Месси маусымның соңында "ПСЖ" сапынан кетуі мүмкін.

Өйткені шабуылшы клуб ұсынған жаңа келісімшарт пен жалақыға келіспеген. Құжатта Лионель Мессидің жалақысы 75 пайызға қысқартылған екен.

Сонымен қатар шетелдік басылымда келесі маусымда аргентиналық сұрмергеннің "Барселона" сапына қайта оралуы мүмкін екені айтылған.

Еске сала кетейік, өткен жылы Лионель Месси Аргентина құрамасымен бірге Катарда өткен Әлем біріншілігін жеңіп алды. Соның нәтижесінде шабуылшы ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2015462-lionel-messi-psz-sapynan-ketui-mumkin/

pixel