Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдудың 2 голы командасына жеңіс сыйлады

Опубликовано:

Роналду
Роналду үш қорғаушының ортасында. Фото: Twitter/AlNassr FC

Футболдан Сауд Арабиясының 22-турында "Әл-Наср" клубы жеңіске жетті. Есеп 0:5, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Эль-Хаса қаласында өткен ойында "Әл-Наср" алаң иелері "Әл-Адалх" клубын ойсырата ұтты. Қонақтар сапынан Криштиану Роналду екі мәрте мергендігімен көзге түсті.

Сонымен қатар гол соққандардың қатарында Андерсон Талиска (дубль), Айман Яхья бар.

Бұл португалиялық сұрмергеннің тоғыз матчтағы он бірінші голы. Осылайша, Роналду сұрмергендер тізімінде бесінші сатыға көтерілді.

Ал "Әл-Наср" клубы турнирлік кестеде екінші орында келеді. Көш басында "Әл-Иттихад" ұжымы орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2015501-ronaldudyn-2-goly-komandasyna-zenis-syilady/

pixel