Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Роналдудың жалақысынан екі есе көп": арабиялық клуб Мессиге келісімшарт ұсынды

Опубликовано:

Месси
Фото: Twitter/Fifa World Cup

Аргентина құрамасы мен "ПСЖ" шабуылшысы Лионель Мессиге Сауд Арабиясының біріншілігінде өнер көрсететін "Әл-Хиләл" клубы келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы белгілі спорт журналисті Фабрицио Романо Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Оның дерегінше, келісімшартта Лионель Мессидің жалақысы жылына 400 миллион еуро деп көрсетілген.

Еске сала кетейік, БАҚ беттерінде аргентиналық сұрмергеннің осы маусымның соңында "ПСЖ" сапынан кететіні жазылуда. Париждік клубтың шабуылшыға жалақысы қысқартылған келісімшартты ұсынуы - оның себебі болуы мүмкін.

Айта кетейік, Криштиану Роналду Сауд Арабиясында өнер көрсететін "Әл-Наср" клубында доп тебеді. Оның ұжым сапындағы жылдық табысы жобамен 200 миллион еуроны құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2015506-ronaldudyn-zalaqysynan-eki-ese-kop-arabiyalyq-klub-messige-kelisimsart-usyndy/

pixel