Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

Опубликовано:

Теннис
Фото: pixabay.com

Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисшілер турнирдің 1/8 финалында Жонатан Эйссерик (Франция) және Давид Пел (Нидерланды) жұбымен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен ойында Андрей Голубев пен Александр Недовесов жеңіске жетіп, АҚШ-тағы беделді жарыстың ширек финалына шықты. Есеп: 2:6, 7:6, 10:4.

Хьюстон қаласында өтіп жатқан турнирдің жеңімпаздары 34 мың долларға жуық қаржы мен 250 рейтингтік ұпай алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның АҚШ-тың Чарлстон қаласында өтіп жатқан турнирдің келесі айналымына шыққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015520-qazaqstandyq-tennissiler-aqs-tagy-turnirdin-sirek-finalyna-syqty/

pixel