Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлер қауымын сұлулығымен тамсандырған әлемнің бес дүркін чемпионы сүйіктісін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Ютта Лердам мұз айдынында
Ютта Лердам. Фото: instagram/juttaleerdam

Конькимен жүгіруден бес дүркін әлем және үш дүркін Еуропа чемпионы, нидерландтық Ютта Моника Лердам америкалық боксшы әрі видеоблогермен кездесіп жүр. Бұл туралы Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ютта Лердамның таңдауы америкалық боксшы, видеоблогер Джейк Полға түскен. Ғашықтар өз парақшаларында бірге түскен суреттерін жариялады. Ал Джейк болса: "Енді мен голландиялықпын", - деп жазба қалдырған.

Айта кетелік, Ютта Лердам 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесін иеленген соң, көпшілікті сұлулығымен тамсандырды.

Сұлу, бойшаң әрі сымбатты мүсінімен мақтанатын спортшы қыздың әдемілігін көптеген әлемдік басылымдар да жазған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015574-erler-qauymyn-sululygymen-tamsandyrgan-alemnin-bes-durkin-cempiony-suiiktisin-korsetti-foto/

pixel