Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол кедей тұрса да, ақшаны жақсы көретін": Роналдудың сүйіктісі туралы тың мәлімет пайда болды

Опубликовано:

Джорджина Родригес
Джорджина Родригес. Фото: instagram.com/georginagio/

Криштиану Роналдудың сүйікті Джорджина Родригестің бұрынғы әріптесі ол туралы тың мәліметтерді жария етті. Пабло Боненің айтуынша, Родригес Роналдумен дүкенде таныспаған, деп жазады Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жақында Родригестің өмірін баяндайтын "Мен - Джорджина" сериалы жарық көрді. Онда Роналдудың сүйіктісі өзі туралы көптеген мәліметті жариялаған. Әсіресе, Роналдумен дүкенге келген кезде танысқанын ол жиі айтатын.

Сериалды көрген Джорджиның бұрынғы әріптесі, дүкенде сатушы болып бірге жұмыс істеген Пабло Боне мәлімдеме жасады. Паблоның айтуынша, Джорджина кейбір сәттерді өзгертіп айтқан.

"Роналду біздің дүкенге келгенде, бәріміз бұрылып қарайтынбыз. Өйткені ол ұзын бойлы жігіт. Сондай-ақ мұндай атақты адамдарға қатардағы сатушы емес, дүкенге жауапты жандар қызмет көрсететін. Мен ерлер бөлімінде, Джорджина әйелдер бөлімінде істеді. Олар дүкенде емес, көңілді кештердің бірінде танысқан. Ол үнемі сондай болатын. Ақшасы жоқ болса да, өзін басқалардан биік ұстайтыны бар. Ол кедей әрі арзан пәтерде тұрғанына қарамастан, үлкен ақша жүретін қоғамға қарай ұмтылды. Криштианумен танысқан соң, оның жұлдызды сәті туды", - деді Боне.

Айта кетелік, Роналду мен Джорджинаның ортақ екі баласы бар. Одан бөлек, Криштиану суррогат анадан туылған үш перзентін тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2015578-ol-kedei-tursa-da-aqsany-zaqsy-koretin-ronaldudyn-suiiktisi-turaly-tyn-malimet-paida-boldy/

pixel