Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Серік Сәпиев
Серік Сәпиев. Фото: Instagram/sportodagy

Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан спортшылары одағының президиумының төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі одақтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстандық спортшылар одағы РҚБ жалпы жиналысының шешімімен жарғының 5.2 және 5.9-тармақтары негізінде: Серік Сәпиев Қазақстан спортшылар одағы президиумының төрағасы болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Серік Сәпиев Лондон Олимпиадасының жеңімпазы және екі дүркін әлем чемпионы. Сонымен қатар боксшы Азия чемпионатын екі рет ұтқан.

Ол 1983 жылы 16 қарашада Қарағанды облысы Абай қаласында өмірге келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015588-olimpiada-cempiony-serik-sapiev-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel