Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эль-Класико қайта оралуда: тарихи қарсыластықтан нені күтуге болады

Опубликовано:

Эль-Класико қайта оралуда: тарихи қарсыластықтан нені күтуге болады
Фото: Parimatch

Осы апта жанкүйерлерді Испания кубогымен қуантып, оның аясында испан футболындағы ірі қарсыластықтың бірі өтеді. Мадридтік "Реал" "Барселонамен" сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні "Камп Ноуда" "Эль-Класиконың" кезекті матчында бас түйістіретін болады.

Қазіргі уақытта "Реал Мадрид" Ла Лиганың турнир кестесінде екінші орынды иемденген. "Кілегейлілер" жақында "Реал Валльядолидті" 6:0 есебімен жеңген, ал "Алтын доп" иегері Карим Бензема керемет хет-трик жасаған болатын.

"Барселона" қазіргі уақытта турнир кестесінде көш бастап тұр және Хавидің қол астында Испания чемпионатында әсерлі нәтижелерге қол жеткізді. Өткен демалыс күндері каталондық команда "Эльчені" 4-0 есебімен жеңіп, алдағы матчқа еңсесі көтеріліп, мықты жағдайда келе жатыр.

"Барса" барлық турнирлерде мадридтік "Реалға" қарсы соңғы алты матчтың бесеуінде жеңіске жетті. Сонымен қатар осы кезеңдегі жалғыз жеңіліс өткен жылы Ла Лигада 3:1 айырмашылығымен болған.

Командалардың көшбасшылары туралы айтатын болсақ, Роберт Левандовский қазіргі уақытта Ла Лиганың үздік бомбардирі болып табылады, чемпионаттың 27 матчында 17-ші голмен, ал Карим Бензема қоржынында 14-ші голмен екінші орында.

Алдағы матчта екі команданың да құрамында шабуылшылар жағынан шығындары бар. Хави Педра, Усман Дембеле, Фрэнки Де Йонг және Андреас Кристенсенсіз ойынды қисынынан келтіруі тиіс, алайда Рафинья сапқа қайта оралуға бел буған сияқты.

Дегенмен, бразилиялық Фатиді немесе Торресті аламастыруы екіталай, өйткені бұл дуэт "Эльчені" жеңуге айтарлықтай үлес қосқан болатын.

Сонымен қатар Анчелотти Ферлан Мендисіз қалады, ол жақында жамбасының жарақатына байланысты екі айлық үзілістен кейін сапқа оралған еді, енді жіліншік жарақатына байланысты алты аптаға лазаретке кетті.

Осы маусымда төрт рет кездесіп, Хави де, Анчелотти де бір-бірінің ойын жоспары мен стилімен жақсы таныс.

"Барса "Камп Ноуды" бекініске айналдырды, бірақ "Бавария" оның бұзылмайтын қамал емес екенін көрсетті. Сондықтан жанкүйерлер алдағы матч әсерге толы, қарқынынды өтетініне сенімді бола алады.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

"Барселона" - 2.37, Тең ойын - 3.55, "Реал Мадрид" - 3.0

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2015606-el-klasiko-qaita-oraluda-tarixi-qarsylastyqtan-neni-kutuge-bolady/

pixel