Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рыбакина наурыз айының үздік теннисшісі атануы мүмкін

Опубликовано:

Рыбакина
Фото: instagram.com/lenarybakina

Көктемнің алғашқы айында екі финалға шыққан қазақстандық Елена Рыбакина наурыз айының үздік теннисшісі атануы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Twitter әлеуметтіік желісіндегі Relevant Tennis парақшасы жариялады.

Қазіргі уақытта дауыс беру жалғасып жатыр. Айдың үздік теннисшісі атағына үміткерлердің қатарында Елена Рыбакинадан бөлек румыниялық Сорана Кырстя, Беларусь өкілі Арина Соболенко мен чехиялық Петра Квитова бар.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы наурыз айында екі финалда өнер көрсетті. Алдымен ол Индиан-Уэлссте жеңімпаз атанса, кейінірек Майамидегі турнирдің ақтық мәресінде чехиялық Петра Квитоваға есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015638-eki-finalda-oner-korsetti-rybakina-nauryz-aiynyn-uzdik-tennissisi-atanuy-mumkin/

pixel