Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық құрама үздіктерінің бірі Саматәлі Төлтаев допинг қолданды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Санатәлі Төлтаев
Санатәлі Төлтаев: kfb.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасында дау туындады. Команданың белсенді мүшелерінің бірі, бірнеше әлем және Азия чемпионаттарына қатысқан Саматәлі Төлтаев допинг қолданды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Bassport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Саматәлінің допинг қолданғаны туралы күдік бар екенін Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі де растады.

Ол тыйым салынған затты пайдаланды деген күдікке ілінген.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, 60 келіде сынға түсетін боксшысының алғашқы допинг сынамасы оң нәтиже берген. Екінші сынама қашан алынатыны белгісіз.

Бүгінде осы іске қатысты тексеріс жұмыстарын Халықаралық допингке қарсы агенттік (WADA) жүргізіп жатыр.

Айта кетелік, Саматәлі Төлтаев Маңғыстау облысының тумасы. Бокстан Қазақстан чемпионы, Азия біріншілігінің қола жүлдегері.

Ұлттық құрамада оның сыңары Санатәлі Төлтаев та өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015680-ulttyq-qurama-uzdikterinin-biri-samatali-toltaev-doping-qoldandy-degen-kudikke-ilindi/

pixel