Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының ең қауіпті қарсыласы белгілі болды

Опубликовано:

жартылай қорғаушылар
Тағыберген мен Дарабаев. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының ең қауіпті қарсыласын атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан футбол федерациясының Youtube желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Бұл туралы жартылай қорғаушы "ДНК футбола" бағдарламасында айтты.

"Сан-Марино - ең қауіпті қарсылас. Психологиялық тұрғыдан ең бастысы босаңсуға болмайды және матчқа дайын болу керек", - деді Аслан Дарабаев.

Қазақстан құрамасы мен Сан-Марино арасындағы матч 16 маусым күні Италияның Парма қаласында өтеді.

Айта кетейік, Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы наурызда Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізді. Алдымен отандық футболшылар Словенияға (1:2) есе жіберсе, екінші турда Даниядан (3:2) басым түсіп, сенсация жасады.

Осыдан соң ұлттық команда Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте үш сатыға көтерілді.

2 турдан кейін Н тобындағы жағдай:

Словения - 6 ұпай,

Дания - 3 ұпай,

Қазақстан - 3 ұпай,

Финляндия - 3 ұпай,

Солтүстік Ирландия - 3 ұпай,

Сан-Марино - 0 ұпай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2015847-euro-2024-irikteu-kezenindegi-qazaqstan-quramasynyn-en-qauipti-qarsylasy-belgili-boldy/

pixel