Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC-мен келісімшартқа отырған Азат Максум мен Асу Алмабаев туралы не білеміз

Опубликовано:

Азат Максум
Азат Максум. Фото: instagram.com/aza.maksum/

Осы аптада қазақстандық екі спортшы UFC-мен келісімшартқа отырды. Олар Асу Алмабаев пен Азат Максум, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Азат Максум - 1995 жылы 7 мамырда Алматы облысында өмірге келген.

Ол бала кезден күреспен айналысып, Республика деңгейіндегі ірі жарыстарда жүлдегер атанған.

Азат аралас жекпе-жектегі дебютін 2017 жылы жасаған. Содан бері 16 рет октагонға шығып, бәрінде жеңіске жеткен.

Оның соңғы жекпе-жегі 21 қаңтарда өтті. Аталған кездесуде отандық спортшы Бразилия өкілі Фабрицио Нуньесті бірінші раундта тұншықтыру әдісімен ұтты.

Асу Алмабаев 1994 жылы Жамбыл облысы Жаңаталап ауылында өмірге келген.

Ол бала кезден күреспен айналысып, бесінші сыныпта жанұясымен Алматыға көшкен.

Оңтүстік астанада Асу каратэ, бокс, джиу-джитсу секілді спорт түрімен жаттыққан. Ол - джиу-джитсудан Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы.

Спортшы аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабын 2013 жылы бастап, содан бері 17 айқасқа шыққан. Соның 15-де Асу қарсыластарынан айласын асырса, екі кездесуде жеңілістің ащы дәмін татқан.

Отандық спортшының соңғы айқасы 2022 жылдың 26 қарашасында өтті. Сол кездесуде Асу Филиппин өкілі Кеннетх Манингатты мерзімінен бұрын жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін Асу Алмабаев пен Азат Максумның әлемдегі үздік лигамен келісімшартқа отырғанын жазған едік. Екі спортшы да UFC-де жеңіл салмақта өнер көрсетпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2015872-ufc-men-kelisimsartqa-otyrgan-azat-maksum-men-asu-almabaev-turaly-ne-bilemiz/

pixel