Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Испанияда өтіп жатқан беделді турнирдің жартылай финалына қазақстандық теннисші шықты ма

Опубликовано:

Михаил Кукушкин
Михаил Кукушкин. Фото: Андрей Ударцев/ktf.kz

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Испанияның Мурсия қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалынан әрі аса алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші турнирдің үшінші айналымында Италия өкілі, әлемдік рейтингте 116-орында тұрған Маттео Арнальдимен шеберлік байқасты.

Бір сағат он минутқа жалғасқан матчта Михаил Кукушкин қарсыласының мықты екенін мойындауға мәжбүр болды.

Есеп: 4:6, 1:6.

Осылайша, қазақстандық теннисші Мурсия қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің жартылай финалына шыға алған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015900-ispaniyada-otip-zatqan-bedeldi-turnirdin-zartylai-finalyna-qazaqstandyq-tennissi-syqty-ma/

pixel