Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Перейра - Адесанья: Фараби Давлетчиннің UFC 287 титулдық жекпе-жегіне қатысты болжамы

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

Алекс Перейра мен Исраэль Адесанья арасындағы шайқас 9 сәуірде UFC 287-де жалғасып, қарсыластар орта салмақтағы титул үшін күш сынасады. Фараби Давлетчин, бұрынғы тхэквондо бойынша әлем чемпионы және Parimatch-тың жекпе-жек өнері бойынша сарапшысы алдағы жекпе-жекке қатысты өз болжамын бөлісті.

Алекс Перейра (7-1-0)

Алекс Перейра орта және жеңіл салмақтағы "Glory" жетекші лигасының жалғыз қос чемпионы болды, WGP, WAKO Pro атақтарына ие болып, белбеулерін бірнеше рет қорғай алған. Оның кикбоксингтегі қабілеті спорт шеберінің деңгейіне тең: ол аталған спорт түрі аясында 40 жекпе-жектің 33-інде еш қиындықсыз жеңіске жеткен. 2016 жылы Маркус Винисиусты жеңгеннен кейін Перейра үлкен лигадан төрт жарым жылға шеттеліп кетті. Ол ең мықты дайындықпен оралып, екі жыл ішінде 5 жекпе-жекте жеңісті қанжығасына байлаған, оның 4-еуі нокаутпен аяқталды.

Қазіргі чемпион боксшының қарсыласымен ұстасуында және қашықтықта ұстап тұруда шебер жұмыс істей алады. Сонымен қатар UFC күресшілерінің арасында Перейра ең мықты соққы жасау негіздеріне ие, оны "тас қол" деп бекер айтпаған. Ол қарсыластарын амплитудалық соққылармен ғана емес, қысқа соққылармен де құлата алады, бұл оны қауіпті қарсылас етеніне күмән жоқ.

Исраэль Адесанья (23-2-0)

Исраэль 18 жасында тай боксы туралы "Онг Бак" фильмінен кейін жекпе-жек өнеріне қызығушылық танытып, ол ойын кейінге қалдырмай бірден залға барды. Бірнеше жылдан кейін ол 86 және 100 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде "King in the Ring" кикбоксинг турнирлерінің үш титулының иегері, сондай-ақ "Super 8" бокстан екі дүркін чемпионатының жеңімпазы атанды.

Адесанья 2012 жылдан бері кәсіби түрде өнер көрсетіп келеді. UFC-дегі өткізген 23 жекпе-жекте ол тек екі қарсыластан-Ян Блахович пен Алекс Перейрадан жеңіліске ұшырады. Бір қызығы, оны сол екі жағдайда қарсыластары физикалық күш пен дене көлемдерімен сағын сындырған, Исраэль әлі де аталған сынақтарға бой алдырмай келеді. Дегенмен, оның қоржынында Джаред Канонир, Роберт Уиттакер, сондай-ақ Марвин Ветторимен шайқастары бар, бұл осы дивизиондағы ең жақсы нәтижесі болып табылады.

Жекпе-жекке болжам

Олардың алғашқы кездесуі 2016 жылы өткен, онда Перейра төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. Келесі жылы реванш өтіп, онда чемпион Адесаньяны нокаутқа жіберіп, қайтадан жеңіске жетті. Үшінші кездесуді спортшылар UFC 281 турнирінде ММА ережелері бойынша өткізді. Алекс болса қарсыласын тағы да нокаутқа жіберген.

Алдыңғы кездесулерді талдай отырып, қазіргі чемпионға жеңісті сенімді түрде алады деуге болады. Өйткені, үш жеңіс енді кездейсоқтық емес, дайындықтың жоғары деңгейінің көрсеткіші. Перейра өзінің әдеттегі тәсілімен, орташа жақын қашықтықта жұмыс істейді, онда ол өзінің күшті соққысын іске асыра алады деп айтуға болады.

Маған боксшы ретінде Исраэль Адесанья ұнайды. Оған әдеттегі тактиканы ұстанудың қажеті жоқ, сондықтан ол шайқас барысында тәжірибе жасай алады. Мысалы, аяқтың жұмысына назар аудара отырып, бірнеше дәл соққылар жасауына немесе тығыз күреске ауысуына болады. Алайда, Перейра Гловермен жаттығуды бастағанымен, 5 ай уақытта бірден жоғарғы дәрежеге жеткендерді көрмедім. Адесанья жекпе-жекті партерде аяқтайды деген аз болса да мүмкіндігі бар. Менің ойымша, ол осы шайқаста барын салып жұмыс істейді — Алекс қатарынан 4 рет жеңіліп, абыройынан айырылып қалуға жол бермейді.

Parimatch Перейра - Адесанья жекпе-жегіне келесі коэффициенттерді ұсынады:

Перейра жеңісі - 2.20, Адесанья жеңісі - 1.72

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2015915-pereira-adesanya-farabi-davletcinnin-ufc-287-tituldyq-zekpe-zegine-qatysty-bolzamy/

pixel