Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккей сарапшысы PRO HOCKEY LIGASY 2023 финалының үшінші матчына болжам ұсынды

Опубликовано:

Константин Пушкарев
Фото: Parimatch

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының финалдық сериясын командалардың кәсіби деңгейі және эмоциялар бойынша осы маусымдағы үздіктердің бірі деп атауға болады.

Parimatch сарапшысы Константин Пушкарев бүгін кешке Астанада өтетін финалдың үшінші матчына қатысты өз болжамын бөлісті.

"Номад" - "Хумо"

Маусымның басты сериясында мұз айдынындағы қақтығыста жас ойыншылар тәжірибелі ойыншыларға қарсы өтетін ойынның нәтижесін болжап білу қиын. Тәжірибелі ойыншылары бар "Хумо" матч барысында қозғалысы мен қалпына келтіру тұрғысынан қиынырақ болады. Ал "Номадтың" басты артықшылығы – жылдамдық болып келеді.

Ташкенттегі Қазақстан чемпионатының ойын кездесулері екі қарсыластың да ойында бірдей қарқында келе жатқанын көрсетеді. Бірінші матчта алаң иелері басымырақ болды. "Хумо" осы маусымда қалыптасқан плей-офф сериясындағы алғашқы ойынды қосымша уақытта аяқтау дәстүрін бұзбай, қосымша уақытқа әдемі нүкте қойып аяқтады.

Екінші матчқа келетін болсақ, "көшпенділер" мүмкін емес нәтижеге қол жеткізді. "Номад" серияны 6:3 есебімен теңестірді. Елордалық команданың қақпашысы Андрей Шутов қақпаға лақтырудың 92 пайызына тойтарыс берді. Қазіргі уақытта аталған ойыншы плей-офф кезеңіндегі қақпашылар рейтингінде бірінші орында тұр.

Сарапшының айтуынша, "Хумо" екі ойында да дес бермесі анық. Алайда Ташкенттегі жеңілісі үшін "қанаттылар" ақысын алуға дайын. Олар психологиялық тұрғыдан аздап артықшылыққа ие болғанымен, "Номадтың" өз мұз айдынында ойнайтынын ұмытпауымыз керек.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

"Номад" - 1.96, тең ойын – 4.10, "Хумо" - 2.9

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2015933-xokkei-sarapsysy-pro-hockey-ligasy-2023-finalynyn-usinsi-matcyna-bolzam-usyndy/

pixel