Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдодан Азия кубогында ел қоржынына 5 алтын медаль түсті

Опубликовано:

спортшы
Фото: Қазақстанның дзюдо федерациясы

Алматы қаласының "Балуан Шолақ" атындағы спорт сарайында дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы басталды. Қазақстан құрамасы Азия кубогын 5 алтын, 2 күміс және 7 қола медальмен бастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Жарыстың ашылу салтанатына Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин және Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) рефери бас директоры Даниэль Ласкау қатысты.

"Бүгін Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогын алтыншы рет өткізуге жиналып отырмыз.

Жарысты осындай жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан Алматы қаласының әкімдігіне, еліміздің спорт және мәдениет министрлігіне өзімнің және федерация атынан алғыс айтамын. Бұл жарысты ұйымдастыруда Халықаралық дзюдо федерациясы мен Азия дзюдо одағының қолдауы да ерекше болды. Жарысқа қатысуға келген алыс-жақын шетелдік құрама командаларға да көп рахмет! Достығымыз жалғасын таба берсін!

Азия кубогі жас дзюдошылардың жұлдызын жағып, жаңа өмірге жол ашады деп сенемін. Барлық қатысушыларға сәттілік, жеңіс тілеймін!", - деп сөз бастады отандық федерацияның президенті Қуанышбек Есекеев.

Алматы татамиінде өтіп жатқан Азия кубогына Грузия, Греция, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстаннан 680 дзюдошы қатысып жатыр.

Алғашқы жарыс күнінде жасөспірім-ұлдар 50, 55, 60, 66 және 73 келі, ал қыздар 40 келі, 44 келі, 48 келі, 52 келі және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.

Бірінші жарыс күнінің нәтижесі:

Қыздар:

-40 келі

1. Зере Өтепқали (Қазақстан)

2. Дильноза Хамитова (Өзбекстан)

3. Дильрух Хасанова (Өзбекстан)

3. Әсел Русланова (Қазақстан)

-44 келі

1. Лазиза Хайдарова (Өзбекстан)

2. Тамила Әлиханова (Қазақстан)

3. Іңкәр Құралбай (Қазақстан)

3. Темуген Енхтур (Моңғолия)

-48 келі

1. Анудари Джамсран (Моңғолия)

2. Зарина Джамалова (Өзбекстан)

3. Кира Хегай (Қазақстан)

3. Сабина Азаматова (Өзбекстан)

-52 келі

1. Райхона Маматова (Өзбекстан)

2. Ариунзайа Тербиш (Моңғолия)

3. Иродахон Комилова (Өзбекстан)

3. Аяулым Қалмырза (Қазақстан)

-57 келі

1. Асельхан Аралбаева (Узбекистан)

2. Жанар Жолдошева (Кыргызстан)

3. Алина Молдокулова (Кыргызстан)

3. Дамеля Асылханова (Казахстан)

Ұлдар:

-50 келі

1. Нұрбол Асқар (Қазақстан)

2. Абдулазизхон Шарафиддинов (Өзбекстан)

3. Арапбай Даураев (Өзбекстан)

3. Ерболат Сыздық (Қазақстан)

-55 келі

1. Нұрлан Исатаев (Қазақстан)

2. Мұхаммаджон Машарипов (Өзбекстан)

3. Лоиқ Кудбудинов (Тәжікстан)

3. Амирхон Низомаддинов (Өзбекстан)

60 келі

1. Джавохирбек Юсупов (Өзбекстан)

2. Алиджон Алиев (Өзбекстан)

3. Жалғас Күнесбаев (Қазақстан)

3. Ойбек Раджабов (Өзбекстан)

-73 келі

1. Еділ Ерболұлы (Қазақстан)

2. Нұрмұхаммед Мұратов (Қырғызстан)

3. Аминджон Абдуджалилзода (Тәжікстан)

3. Азамат Аблакулов (Өзбекстан)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2015962-dzyudodan-aziya-kubogynda-el-qorzynyna-5-altyn-medal-tusti/

pixel