Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық желаяқ, әлем чемпионы Нора Джеруто допинг дауына ілікті

Опубликовано:

Легкоатлетка Нора Джеруто
Нора Джеруто. Фото: Sam Barnes/Sportsfile via Getty Images

Жеңіл атлетикадан Әлем чемпионы, Қазақстан құрамасының мүшесі Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осылайша, 27 жастағы Нора Джеруто алдағы турнирлерден уақытша шеттетіліп отыр. Бұндай шешімді жеңіл атлетикадағы жағымсыз құбылыстармен күресетін тәуелсіз орган Athletics Integrity Unit (AIU) қабылдаған.

AIU сайтында қазақстандық атлеттің күдікке ілінгені туралы жазба 5 сәуірде берілгені айтылған. Мәліметте: "Тыйым салынған затты/тәсілді (ABP) қолдану (2.2 бап)", - деген сипаттам берілген.

Айта кетейік, Нора Джеруто - Кения тумасы. Ол Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2019 - 2022 жылдар аралығында Қазақстан атынан жарыстарға қатысу құқығын рәсімдеумен айналысты. Оған дейін Өскемен қаласында іргесі қаланған Altay Athletics клубының атынан сынға түсіп жүрді.

Былтырдан бері Қазақстан атынан ресми жарыстарға қатыса бастаған спортшы 3000 метр қашықтыққа кедергілермен жүгіру сайысында Әлем чемпионы атанған еді. Бұл Қазақстанның аталған спорт түрінен Әлем біріншілігінде жеңіп алған алғашқы алтын жүлдесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2015967-qazaqstandyq-zelayaq-alem-cempiony-nora-dzeruto-doping-dauyna-ilikti/

pixel