Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC-мен келісімшартқа отырған Азат Максумның алғашқы жекпе-жегі қашан

Опубликовано:

Азат Максум
Азат Максум. Фото: OCTAGON

UFC-мен келісімшартқа отырған Азат Максумның алғашқы жекпе-жегі қашан өтеді? Бұл сауалға спортшы жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Дебют бұйыртса, жазда немесе күзде болатын шығар деп ойлаймын. Бірақ мен кез-келген уақытта дайынмын. UFC-мен келісімшарт төрт жекпе-жекке есептелген. Қазіргі уақытта Америка құрама штаттарының Денвер қаласында жаттығу жұмыстарын жасап жүрмін", - деді Азат Максум.

Еске сала кетейік, бұған дейін Азат Максумның UFC-мен келісімшартқа отырғанын жазған едік.

Ол әлемнің үздік лигасында жеңіл салмақта өнер көрсетпек.

Отандық спортшы кәсіби мансабында 16 рет октагонға шығып, барлығында жеңіске жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2015972-ufc-men-kelisimsartqa-otyrgan-azat-maksumnyn-algasqy-zekpe-zegi-qasan/

pixel