Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрестен Астанада өтетін Азия чемпионатының жарыс кестесі

Опубликовано:

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанған сәт
Азамат Дәулетбеков. Фото: instagram/azamat_dauletbekov

Ертең Астанада күрес түрлерінен 36-Азия чемпионатына өтеді. Осы орайда, Азия біріншілігінің жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азия чемпионатының ресми ашылуы 9 сәуірде сағат 17:00-де басталады. Күн сайын күндізгі сессия сағат 11.00-де (алдын ала, жартылай финалдық және жұбаныш белдесулері), кешкі сессия 18.00-де (1-ші және 3-орындар үшін финалдық ойындар) басталады.

Азия чемпионатының бағдарламасы:

9 сәуір – грек-рим күресі – 55, 63, 77, 87 және 130 келіге дейінгі салмақ дәрежесі.

10 сәуір – грек-рим күресі – 60,67,72,82 және 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесі.

11 сәуір – әйелдер күресі – 50,55,59, 68 және 76 келіге дейінгі салмақ дәрежелері.

12 сәуір – әйелдер күресі – 53,57,62,65 және 72 келіге дейінгі салмақ дәрежелері.

13 сәуір – еркін күрес – 57,65,70,79 және 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесі.

14 сәуір – еркін күрес – 61, 74, 86, 92 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежелері.

Күрестің әр түрінен 10 медаль жиынтығы ойналады (барлығы 30 салмақ дәрежесі).

Айта кетейік, алғаш рет Азия чемпионаты 1979 жылы тек еркін күрестен өтсе, екі жылдан кейін грек-рим күресінің балуандары cары құрлықтағы мықтыларды анықтады.

Әйелдер күресінен Азия чемпионаты 1996 жылдан бері өткізіліп келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2016016-kuresten-astanada-otetin-aziya-cempionatynyn-zarys-kestesi/

pixel