Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшылар Сауль Альварестің жекпе-жегінің андеркардында жұдырықтасады

Опубликовано:

Әбілхан Аманқұл
Әбілхан Аманқұл: olympic.kz

Кәсіпқой рингте өнер көрсетіп жүрген отандық боксшылар Бек Нұрмағанбет пен Әбілхан Аманқұл келесі жекпе-жектерін 6 мамырда Гвадалахарада (Мексика) өткізетін болды, деп жазады Sports.kz.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет пен Әбілхан Аманқұл бастапқыда шаршы алаңға 15 сәуірде АҚШ-тың Калифорния штатындағы Помона қаласында шығады жоспарланған еді. Алайда боксшылардың жекпе-жек кестесінде өзгеріс болды.

BoxRec.com сайты ұсынған ақпаратқа сәйкес, көктемнің үшінші айында Бек Нұрмағанбет венесуэлалық Аргенис Эспаньямен (15-1, 14 КО), ал Әбілхан Аманқұл Мексика өкілі Хесус Моройоки Паломареспен (7-2-1, 4 КО) жұдырықтаспақ.

Бокс кешінің басты кездесуінде Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) пен британдық Джон Райдер (32-5, 18 КО) өнер көрсетеді.

Жекпе-жекте мексикалық боксшы екінші орта салмақтағы абсолютті чемпион титулын қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2016133-qazaqstandyq-bokssylar-saul-alvarestin-zekpe-zeginin-anderkardynda-zudyryqtasady/

pixel