Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ балуаны ауыр жарақатына қарамастан, ирандық қарсыласын жеңіп кетті

Опубликовано:

Ернұр Фидахметов кілемде
Ернұр Фидахметов. Фото: uww.org

Астанада күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін грек-рим күресінен 5 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Грек-рим күресінен 60 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Ернұр Фидахметов чемпионаттың жартылай финалына шықты.

Ол ширек финалда ирандық Мехди Сейфолла Нижадты ұтты. Кездесу барысында ауыр жарақат алғанына қарамастан, Фидахметов жеңісті жұлып алды.

Ол жартылай финалда Корея немесе Қытай балуандарының бірімен шығады.

Айта кетелік, Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде қазақ балуандары бір күміс, екі қола медаль жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2016137-qazaq-baluany-auyr-zaraqatyna-qaramastan-irandyq-qarsylasyn-zenip-ketti/

pixel