Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмір бойы өкініп өтесіңдер": танымал балуан жас спортшыларға өз қателігін қайталамауды сұрады

Опубликовано:

Дәулет Ниязбеков кілемде
Дәулет Ниязбеков. Фото: Olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан командасы үздіктерінің бірі, әлем біріншіліктерінің жүлдегері Дәулет Ниязбеков өз мансабында чемпион атанбағаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады, деп хабарлайды "Берен" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әлем чемпионатының жүлдегері жастарға мүмкіндікті мүлт жібермеу керектігін ескертті.

"Бір спортшыны құрамада ұстап тұру, оны толықтай қамтамасыз ету үшін өте көп қаражат керек. Осы жерде халыққа, мемлекетке алғыс айтсам деймін. Осындай тыныш заманда, ашық аспан астында өмір сүріп жатқанымыз үшін алғыс айтамын. Сол жағдайдың бәрін жасап беріп отырғанда, әлем чемпионы бола алмағаным үшін кешірім сұраймын.

Олимпиадада үшінші орын алардай мүмкіндік болды, сол сәтте шыдап баққанда, бәлкім Олимпиада жүлдегері атанар ма едім?! Сол өкінішті. Қазіргі балаларға да айтарым сол: осынша жағдай жасалып тұрып, әлем чемпионаты немесе Олимпиада ойындарынан жүлде алмасаңдар, өмір бойы өкініп өтесіңдер", – деді балуан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2016150-omir-boiy-okinip-otesinder-tanymal-baluan-zas-sportsylarga-oz-qateligin-qaitalamaudy-surady/

pixel