Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алмат Кебіспаев 36 жасында Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Алмат Кебіспаев кілемде
Алмат Кебіспаев. Фото: uww.org

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының көшбасшысы Алмат Кебіспаев Астанада өтіп жатқан Азия біріншілігінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

36 жастағы балуан қола медаль үшін күресте тәжікстандық қарсыласын 7:3 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Алматты ұтқан өзбекстандық Аброр Атабаев алғаш рет Азия чемпионы атағына қол жеткізген.

Осылайша, ол өз мансабында алтыншы рет Азия біріншілігінің жүлдесін иеленіп отыр. Ол 2011 және 2018 жылдары Азия чемпионы атанса, үш рет күміс медаль еншілеген.

Сондай-ақ Кебіспаев әлем чемпионаттарында жалпы есебі бес медаль алып, екі рет Олимпиада ойындарында бақ сынады.

Кебіспаевтың 2014 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері деген атағы да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2016216-almat-kebispaev-36-zasynda-aziya-cempionatynyn-qola-zuldegeri-atandy/

pixel