Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрестен Азия чемпионаты: Ибрагим Магомадов жалғыз алтын медальді жеңіп алды

Опубликовано:

Ибрагим Магомадовтың жеңісті сәті
Ибрагим Магомадов. Фото: uww.org

Күрестен Астанада өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті. Грек-рим күресінен Ибрагим Магомадов чемпион атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Магомадов Қырғызстан және Ирак балуандарын ұтты.

Ал алтын медаль үшін өткен белдесуде ирандық Саджад Алимен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, ол өз мансабындағы алғашқы алтын медалін иеленіп отыр. Сондай-ақ Ибрагим грек-рим күресінен Қазақстан командасының Азия чемпионатындағы жалғыз алтын жүлдесін еншілеген.

Айта кетелік, бұған дейін Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) пен Диас Қален (82 келі) финалда ұтылып, күміс жүлдегер атанды.

Ал Алмат Кебіспаев қола жүлде иеленді. Одан бөлек, команда еншісінде тағы үш медаль бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2016226-kuresten-aziya-cempionaty-ibragim-magomadov-zalgyz-altyn-medaldi-zenip-aldy/

pixel