Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірінші ракеткасы Бублик әлемдік рейтингте нешінші орында тұр

Опубликовано:

Александр Бублик
Александр Бублик. Фото: ktf.kz

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингті жаңартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Рейтингті сербиялық Новак Джокович бастап тұр. Екінші сатыда - Испания өкілі Карлос Алькарас. Үздік үштікті грекиялық Стефанос Циципас қорытындылады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 56-орыннан 53-ке көтерілді.

Сонымен қатар еліміздің екінші ракеткасы Тимофей Скатов 144-тен 141-ге жоғарылады.

Айта кетейік, кеше Халықаралық әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингті ұсынған еді. Елена Рыбакина жаңартылған рейтингте жетінші орнын сақтап қалды. Оның еншісінде 4305 ұпай бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2016309-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-bublik-alemdik-reitingte-nesinsi-orynda-tur/

pixel