Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкиннің "қайда жоғалып кеткені" белгілі болды

Опубликовано:

Генадий
Фото: Instagram/gggboxing

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің БАҚ-пен жұмыс жөніндегі өкілі Жанар Өтешева көпті мазалаған сауалға жауап беріп, GGG-дің қайда екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

"Гена қайда кетті? Оның жағдайы жақсы ма?", - деп әлеуметтік желіде Жанар Өтешеваға оқырманның бірі сауал қойған.

Геннадий Головкиннің БАҚ-пен жұмыс жөніндегі өкілі жанкүйендің сұрағын жауапсыз қалдырған жоқ.

"Жанұясының жанында", - деді Жанар Өтешева.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин WBA титулынан бас тартқан болатын.

Ол 8 сәуір күні 41 жасқа толды.

GGG соңғы жекпе-жегін өткен жылы 18 қыркүйекте өткізді. Аталған кездесуде отандық боксшы мексикалық қарсыласы Сауль Альварестен төрешілердің шешімімен жеңілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2016315-golovkinnin-qaida-zogalyp-ketkeni-belgili-boldy/

pixel