Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мессидің жанкүйері сүйікті футболшысын көру үшін оның үйін он сағат бойы күзеткен

Опубликовано:

Лионель Месси
Лионель Месси. Фото: instagram.com/leomessi

Әлем футболының үздігі Лионель Мессидің жанкүйері сүйікті футболшысын көру үшін он сағат бойы күтуге мәжбүр болған. Бұл туралы РИА Спорт сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Хуан Полкан футболшының Париждегі үйінің алдында он сағат бойы тікесінен тік тұрып, өз кумирін көремін деген үмітін үзбеген.

"Мессидің мекен жайын интернеттен іздедім. Бірақ таппадым. Оның мекен жайын сол үйде қызмет еткен шаштараздан білдім. Ол да нақты айтқан жоқ, тек Месси тұратын ауданды ғана нұсқады. Өзіме керек үйді табу үшін 45 минуттай уақыт кетті", - дейді Полкан.

Жанкүйердің айтуынша, ол таңғы сағат 9-дан бастап Мессидің үйін күзетумен болған. Тіпті, күзетші полиция шақырмақ та болады. Сол кезде футболшының әйелі Антонелла Рокуццо аяушылық танытып, Полканды үйіне шақырады.

"Ең бірінші көрген адамым - Месси. Ол маған "сәлем" деді. Бұл адам сенгісіз керемет сәт еді. Мен оны жақсы көретінімді айттым. Біз бірге суретке түстік, сосын ол қолыма қолтаңба қойып берді", - дейді жанкүйер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2016364-messidin-zankuieri-suiikti-futbolsysyn-koru-usin-onyn-uiin-on-sagat-boiy-kuzetken/

pixel