Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық теннисшінің қатысуымен өткен Мадридтегі ойында сенсация тіркелді

Опубликовано:

теннис
Тимофей Скатов. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның екінші, әлемнің 141-ракеткасы Тимофей Скатов Мадрид қаласында өтіп жатқан турнирдің келесі кезеңіне шыға алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші турнирдің алғашқы айналымында жергілікті спортшы, әлемнің 290-ракеткасы Алехандро Моро Каниаспен шеберлік байқасты.

Бір сағат елу минутқа созылған ойында Испания өкілі 3:6, 3:6 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Тимофей Скатов Мадрид турнирінің келесі кезеңіне шыға алған жоқ.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик. Ол жаңартылған рейтингте 56-орыннан 53-ке көтерілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2016381-qazaqstandyq-tennissinin-qatysuymen-otken-madridtegi-oiynda-sensaciya-tirkeldi/

pixel