Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасының маңызды ойыншысы күтпеген жерден команда ауыстырды

Опубликовано:

Рамазан Оразов
Рамазан Оразов. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов "Ақсу" клубы сапынан кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты "Ақсу" футбол клубының баспасөз қызметі растады.

Белгілі болғандай, Рамазан Оразов енді қостанайлық "Тобыл" сапында доп тебеді.

Айта кетейік, Рамазан Оразов "Қайрат" футбол клубының тәрбиеленушісі.

Алматылық ұжыммен бірге ол 2018 жылы Қазақстан кубогын жеңіп алған.

Сонымен қатар жартылай қорғаушы "Даугавпилс", "Чайка" және "Ақтөбе" секілді клубтарда өнер көрсеткен.

Бұдан бөлек Рамазан Оразов - Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2016461-qazaqstan-quramasynyn-manyzdy-oiynsysy-kutpegen-zerden-komanda-auystyrdy/

pixel