Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Сити" жаңа рекорд орнатты

Опубликовано:

Манчестер Сити
"Манчестер Сити" ойыншылары жасыл алаңда. Фото: Twitter/Manchester City

Пеп Гвардиола жаттықтыратын "Манчестер Сити" клубы Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты ағылшындық клубтың баспасөз қызметі Twitter желісіндегі парақшасында растады.

Айта кетейік, түнде Чемпиондар лигасының ширек финалының алғашқы матчтары өтті. "Манчестер Сити" өз алаңында мюнхендік "Баварияны" 3:0 есебімен ұтты.

Осылайша, Пеп Гвардиола жаттықтыратын ұжым турнирде қатарынан "Сити оф Манчестер" стадионында өткен 25 матчта жеңілмеді.

Бұл - ағылшын клубтары арасындағы рекордтық көрсеткіш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2016464-mancester-siti-zana-rekord-ornatty/

pixel