Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атақты баскетболшы Майкл Джорданның аяқ киімі рекордтық сомаға сатылды

Опубликовано:

Майкл Джордан
Майкл Джордан. Фото: Ezra Shaw/Getty Images

Ұлттық баскетбол қауымдастығының алты дүркін чемпионы Майкл Джорданның спорттық аяқ киімі рекордттық сомаға сатылды, деп хабарлайды РИА Новости Sotheby's акуцион үйінің парақшасына сілтеме жасап.

Атақты баскетболшы Air Jordan 13 спорттық аяқ киімін мансабындағы соңғы финалда киген.

Аяқ киім аукцион кезінде 2,2 млн долларға сатылған. Басылым мәліметінше, бұл - спорттық аяқ киім арасындағы рекордттық сома.

Бұған дейінгі үздік көрсеткіш те Майкл Джорданға тиесілі болған. 2021 жылы баскетболшының тағы бір спорттық аяқ киімі 1,4 млн долларға сатылған.

Сонымен қатар атақты спортшының матч кезінде киген жейдесі 10,1 млн долларға өтіп кеткен.

Айта кетейік, Майкл Джордан 2003 жылы мансабын аяқтаған. Ол "Чикаго" клубы сапында Ұлттық баскетбол қауымдастығының алты дүркін чемпионы атанған. Бұдан бөлек баскетболшы АҚШ құрамасымен бірге екі мәрте Олимпиада жеңімпазы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2016466-ataqty-basketbolsy-maikl-dzordannyn-ayaq-kiimi-rekordtyq-somaga-satyldy/

pixel